Алматыдан 626 км қашықтықта жер сілкінді


Алматыдан 626 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 29 қараша күні Алматы уақытымен сағат 12: 45- те жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 626 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.6.

Магнитудасы 4.0.

Жер асты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.




Серіктестер жаңалықтары