Алматыдан 598 км қашықтықта жер сілкінді

None
Photo: shutterstock.com
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 30 мамыр күні Алматы уақытымен сағат 23.45-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.8

MPV магнитудасы – 4,9.

Тереңдігі – 10 км.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ.


Соңғы жаңалықтар