Алматыдан 595 шақырым қашықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 сәуірде Алматы уақыты бойынша 4 сағат 29 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 595 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.8. MPV магнитудасы – 4,5. Тереңдігі – 5 шақырым.

Жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеді.

Соңғы жаңалықтар