Алматыдан 580 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 30 шілдеде Алматы уақытымен 07 сағат 18 минут 52 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 580 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.7. MPV тербелісі - 4.3, ошағының тереңдігі - 0 км», делінген хабарламада.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар