Алматыдан 580 км қашықтықта жер сілкінді

None
Фото: bolgegundem.com
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 30 наурызда сағат 08:22-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 580 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы – 4.1. Эпиорталық координаттары – 40.75° с.е. және 83.07° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар