Алматыдан 551 шақырым жерде жер сілкінді

None
Фото: Anadolu Agency
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы сағат 9.00-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 551 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.8. MPV магнитудасы – 4.7. Тереңдігі – 15 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет: Түлкібас ауданы, Амангелді ауылы – 2 балл (Шымкент ТЖ 10:18-дегі қоңырауы бойынша).


Соңғы жаңалықтар