Алматыдан 55 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 30 қазан күні Алматы уақытымен 06 сағат 58 минут 11 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасты.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 7,6. MPV магнитудасы – 3,8. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер түскен жоқ», - делінген таратылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар