Алматыдан 549 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі 2019 жылдың 8 қаңтарында Алматы уақытымен 23 сағат 27 минут 31 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан 549 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. MPV тербелісі - 4.5, тереңдігі - 15 шақырым. Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар