Алматыдан 538 шақырым қашықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 25 маусым күні Алматы уақытымен 6 сағат 3 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 538 шақырым қашықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.5, тербелісі – 4.1. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар