Алматыдан 536 км қашықтықта жер сілкінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі сағат 21:01-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 536 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы – 4.3. Эпиорталық координаттары – 41.34° с.е. және 83.89° ш.б. Тереңдігі - 20 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар