Алматыдан 510 шақырым жерде жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2016 жылдың 2 желтоқсанында Алматы уақыты бойынша 13 сағат 22 минут 32 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 499 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.  

Зілзаланың энергетикалық дәрежесі - 9,7.

Магнитудасы MPV 4.2. 

Эпицентр координатасы 39.28° с.е. 73.73° ш.б.

Тереңдігі 5 шақырым.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар