Алматыдан 482 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
Фото: earninginmotion.com
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 21 қараша күні Алматы уақытымен 20 сағат 32 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 482 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.8. MPV тербелісі – 4.8. Ошағының бағыты 42.02° с.е. 82.56° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілгені туралы дерек жоқ»,-делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан сейсмологтары Қытай мен Қырғызстан аумағында екі жер сілкінісін тіркеген болатын.

Сондай-ақ Индонезияда болған жер сілкінісінен 46 адам көз жұмып, жүздеген адам жарақат алды.


Фото: earninginmotion.com

Соңғы жаңалықтар