Алматыдан 472 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы 21 қазанда 11 сағат 21 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 472 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.6. MPV тербелісі - 3.9. Тереңдігі - 5 шақырым. Жер дүмпі сезілген жоқ. 

 

Соңғы жаңалықтар