Алматыдан 463 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 21 қазан күні Алматы уақытымен 22 сағат 04 минут 52 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 463 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасты.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.1. MPV магнитудасы - 4.4. тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар