Алматыдан 456 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 23 қазан күні Алматы уақытымен 03 сағат 37 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 456 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 12.0. MPV тербелісі - 5.6. Тереңдігі - 35 шақырым.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.

Соңғы жаңалықтар