Алматыдан 450 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 2017 жылдың 21 қыркүйек күні 09 сағат 28 минут 20 секундта (Гринвич бойынша 2017 жылдың 21 қыркүйек күні 03 сағат 28 минут 20 секунд) жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 450 км қашықтықта, Қытай аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық қуаты - 10,1. Тербелісі - 4.4. Зілзала ошағының бағыты 44.23° с.е. 82.31°ш.б. Тереңдігі 15 км.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді. 

Соңғы жаңалықтар