Алматыдан 441 км қашықтықта жер сілкінді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісі 5 тамыз күні Алматы уақытымен 19 сағат 28 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 441 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11,0. MPV тербелісі – 4,8. Тереңдігі – 05 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.




Фото: cnbcfm.com


Соңғы жаңалықтар