Алматыдан 436 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 27 қаңтар күні 05 сағат 31 минут 19 секундта (Алматы уақыты) жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 436 км жерде Қытай аумағында орналасты.
Энергетикалық санаты – 10.0, MPV магнитудасы – 4,5. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.


Соңғы жаңалықтар