Алматыдан 428 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісі 22 шілде күні Алматы уақытымен 06 сағат 37 минут 34 секундта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 428 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9,6. MPV тербелісі – 4,3. Тереңдігі – 30 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді.


Соңғы жаңалықтар