Алматыдан 424 шақырым жерде жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қаңтар күні сағат 15:10-да Алматыдан 424 шақырым жерде Қырғызстан аумағында жер сілкінді. Жер сілкінісін ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.

«Жер сілкінісінің тербеліс эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 424 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.4 болса, магнитудасы MPV 4.8, ал тереңдігі 0-5 шақырымды құраған», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар