Алматыдан 420 шақырым жерде жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зілзала Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым жерде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-ға сілтеме жасап.

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциясының желісімен 2019 жылдың 3 тамызында Алматы уақыты бойынша сағат 15 - 21 минут 40 секунд кезінде (Гринвич бойынша 2019 жылдың 3 тамызында сағат 09 - 21 минут 40 секунд кезінде) зілзала тіркелді», - делінген хабарламада.

Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық класы 9.6.

Магнитудасы MPV 3.8.

Эпицентр бағыты 41.79° с.ш. 81.65° ш.б.

Тереңдігі 5 шақырым.

Сезілгені туралы мәлімет(МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Соңғы жаңалықтар