Алматыдан 412 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы 06 сағат 25 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 412 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5. MPV магнитудасы - 4.3. Ошағының координаттары 39.49° с.ш. 77.02° в.д. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілуі жөніндегі мәліметтер (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Соңғы жаңалықтар