Алматыдан 41 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 13 қараша күні Алматы уақытымен 21 сағат 49 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 41 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасты.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 8,2. MPV магнитудасы – 3,9. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.

Соңғы жаңалықтар