Алматыдан 407 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 21 қыркүйек күні Алматы уақытымен 17 сағат 18 минут 07 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 407 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 11,4. MPV магнитудасы – 4,6. Тереңдігі – 15 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар