07:36, 21 Қазан 2020 | GMT +6
Алматыдан 386 км қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 21 қазан күні Алматы уақытымен 5 сағат 8 минут 4 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 386 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11.2. MPV магнитудасы – 5,0. Тереңдігі – 5 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.