Алматыдан 379 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 08 сағат 31 минут 14 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 379 км жерде, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.0. MPV тербелісі - 3.9. Зілзала 35 км тереңдікте тіркелген», - делінген хабарламада.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.


Фото: rusdialog.ru

Соңғы жаңалықтар