Алматыдан 375 шақырым жерде жер сілкінді

None
Фото: earninginmotion.com
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 7 ақпанда Алматы уақытымен 8 сағат 46 мин 17 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты -11.2. MPV магнитудасы - 4,7. Тереңдігі - 15 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.

Фото: earninginmotion.com

Соңғы жаңалықтар