Алматыдан 368 км қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 17 тамыз күні сағат 22:23 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзаланың ошағы Алматыдан 368 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы 4.1 MPV, бағыты 42.38° с.е 81.27° ш.б. Тереңдігі 15 км. Сезілуі туралы мәліметтер жоқ»,-делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар