Алматыдан 365 км қашықтықта жер сілкінісі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 20 мамыр күні Алматы уақытымен 20 сағат 21 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 365 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,5, магнитудасы – 3,9.

Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар