Алматыдан 356 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 11 шілдесі күні  Алматы уақытымен 21 сағат 34 минут 40 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 356 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10,2. MPV магнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген таратылған хабарламада

 

Соңғы жаңалықтар