Алматыдан 341 шақырым жерде жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат. – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісі 5 наурызда Алматы уақытымен сағат 02:59-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 341 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық класы 9.3.

MPV магнитудасы 3.7.

Эпицентрдің бағыты 42.07° с. е.80.77° ш. б.

Тереңдігі 20 км.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше тағы бір жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 01:47-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 303 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.


Соңғы жаңалықтар