Алматыдан 334 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 желтоқсан күні 16 сағат 02 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан 334 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.7. MPV тербелісі  - 4.7. Тереңдігі - 20 шақырым.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар