Алматыдан 332 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан 332 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісіне сілтем жасап.

Сейсмологтардың мәлімдеуінше, жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 09.50-де тіркелген.

«Зілзаланың эпицентрі Алматыдан күншығысқа қарай 332 шақырым қашықтықта Қытай территориясында орналасқан»,-делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5, магнитаудасы MPV - 4.4, тереңдігі- 25 шақырым.

Соңғы жаңалықтар