Алматыдан 331 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі 2019 жылдың 4 ақпанында Алматы уақытымен 07 сағат 37 минут 12 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331 шақырым жерде, Қытай аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.8. Магнитудасы - MPV 3.8. Тереңдігі - 15 шақырым.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар