Алматыдан 318 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 6:44-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Табиғат құбылысы 1 мамыр күні Алматы уақытымен таңғы 6 сағат 44 минут 45 секундта болған. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.0. MPV магнитудасы - 4.2.

Соңғы жаңалықтар