13:28, 21 Қаңтар 2020 | GMT +6
Алматыдан 305 км қашықтықта жер сілкінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 21 қаңтар күні Алматы уақытымен 12 сағат 31 минут 36 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 305 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 9,0. MPV магнитудасы – 4,1. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түспеген.