Алматыдан 280 км қашықтықта жер сілкінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 1 сәуір, сағат 01.52-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 280 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 11,0.

MPV магнитудасы – 5,1.

Тереңдігі – 10 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.


Соңғы жаңалықтар