Алматыдан 273 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 273 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

«Жерасты дүмпуі 6 желтоқсанда, Алматы уақытымен 11 сағат 05 минут 08 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.3. Магнитудасы - 4.7», - делінген хабарламада. 

Бұл - соңғы екі күн ішінде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасының маңындағы үшінші жер сілкінісі. 

Соңғы жаңалықтар