Алматыдан 267 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы" ММ-нің сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 10 сағат 49 минут 44 секундте жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 267 км жерде, Қытай мен Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.7. MPV магнитудасы - 4.3. Эпицентр координатасы - 41.77° с.е. 79.52° ш.б. Тереңдігі - 25 км. Сезілуі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ", - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар