Алматыдан 262 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2 маусым Алматы уақытымен 12 сағат 44 минут 38 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке 262 км қашықтықта Қырғызстан мен Қытай шекарасында болды.

Энергетикалық класы 10.7. Магнитудасы 4.7 MPV. Бағыты 41.11° с.е. 76.08° ш.б. орналасқан. Тереңдігі 5 км.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар