Алматыдан 251 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдан солтүстікке қарай 251 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 28 қазан күні Алматы уақытымен 17 сағат 27 минут 29 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 251 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8,3. MPV тербелісі – 3,6. Тереңдігі – 15 шақырым.

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.

Соңғы жаңалықтар