Алматыдан 242 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан 242 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 14 тамыз күні Алматы уақытымен 09 сағат 35 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 242 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6, магнитудасы – 4.1.

Эпицентрінің координаттары 41.91° с.б. 79.27° ш.е.

Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Мәлімет 14 тамыз күні сағат 09.44-те жарияланды.


Соңғы жаңалықтар