Алматыдан 217 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 02 сағат 14 минут 13 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 217 шақырым қашықтықта, Қырғыз Республикасы аумағында орналасқан.

«Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.2. MPV тербелісі - 3.9. Тереңдігі - 20 км. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар