Алматыдан 203 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметін 25 ұйым көрсетеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сергей Герасименко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, коммуналдық қалдықтарды жинау үшін 1454 контейнер алаңы бар, онда 8 003 контейнер орнатылған.

«Барлық жиналған қалдықтар қоқыс сұрыптау кешеніне шығарылады және ары қарай өңдеу мен көмуге жіберіледі», - деді Сергей Герасименко.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында шығарылған қалдықтардың көлемі 203 мың тонна, өңделгені – 33 мың тонна, өңдеу үлесі – 16,6 пайызды құрады.

Экология және қоршаған орта басқармасының өкілі хабарлағандай, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу қазір қажетті көлем мен сапада аз жүзеге асырылады.

Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша көрсеткіш тек 17% - ды құрайды. Қалдықтардың қалған 83%-ы полигонға көмуге жіберіледі.

Спикер ұзақ мерзімді дамудың шеңберінде 2030 жылға дейін қайта өңдеу тереңдігін тағы 30-40%-ға арттыру үшін RDF (Refuse-derived fuel) отын өндіру зауытын салу жоспарланғанын хабарлады.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін қоқыс қабылдау орындарының санын 100 бірлікке дейін, торлы контейнерлерді 3000 бірлікке дейін ұлғайту жоспарлануда.



Соңғы жаңалықтар