Алматыдан 174 шақырым жерде жер сілкінді
2023 жылғы 17 наурыз, 15:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 17 наурыз күні 14:18-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 174 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 9.3. MPV магнитудасы – 4.5. Эпиорталық координаттары – 41.80° с.е. 77.86° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP