Алматыдан 174 шақырым қашықтықта жер сілкінді
2022 жылғы 9 тамыз 22:40

Алматыдан 174 шақырым қашықтықта жер сілкінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер дүмпуі 9 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 21.36 кезінде болған.

Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 174 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.3.

MPV магнитудасы – 4.4. Жер сілкінісі ошағының бағыты – 40.88° с.е. 78.13° ш.б.

Тереңдігі - 20 шақырым.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Фото: cnbcfm.com

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT