Алматыдан 152 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі 2019 жылдың 16 қаңтарында Алматы уақытымен 6 сағат 50 минут 34 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 152 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.0. MPV тербелісі - 4.1, тереңдігі - 15 шақырым.

Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар