Алматыдан 151 км қашықтықта жер сілкінді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісі 26 қыркүйек күні Алматы уақытымен 00 сағат 33 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 151 шақырым жерде, Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8,2. MPV тербелісі – 3,5. Тереңдігі – 15 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар