Алматыдан 145 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 6 қараша күні Алматы уақытымен 14 сағат 42 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 145 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 8.6. MPV тербелісі - 4.1. Тереңдігі - 15 шақырым. 

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді. 

Соңғы жаңалықтар