Алматыдан 144 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының шығысына қарай 144 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісіне сілтем жасап.

Сейсмологтардың мәлімдеуінше, жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 20:27-де тіркелген.

«Зілзаланың ошағы Алматыдан шығысқа қарай 144 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.8, MPV тербелісі - 4.8, тереңдігі- 15 шақырым.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.

Соңғы жаңалықтар